+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Геннадий Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

2021 жылғы 8 мамыр 10:35
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ алдымен өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында кәсіпкерлерді қорғау нәтижелері жарияланды - прокуратура Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

Uol.com бразилиялық сайтының дерегіне сай, боксшы 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген IBF рейтингісінде 5-нөмір саналатын бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) айқаспақ.

Ресурстың мәліметінше, жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр, дегенмен нақты күні белгісіз.

Фалькао промоутер Боб Аруммен (Top Rank), Головкин Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейді. Бразилиялық ESPN телеарнасында, ал қазақстандық боксшы DAZN стримингінде өнер көрсетеді.

Бұдан бұрын екі промоутер бірге жұмыс істеген, боксшылар ауыстырған. Арумның Фалькаоны жіберуі мүмкін, себебі боксшы компанияның мықты ойыншысы саналмайды, ол жеңген жағдайда (сонымен қатар жай ғана жақсы өнер көрсеткен жағдайда) оның нарықтағы бағасы бірталай өседі.

Әуесқой алаңда Фалькао Муратамен екі рет айқасқан, екі жекпе-жекте де, соның ішінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарының финалында да жеңіліс тапқан.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин шынымен осы жылдың аяғына жапондық Риота Муратамен мегаайқас жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT