+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде үздік ондыққа кірді

2020 жылғы 15 қазан 17:19
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде үздік ондыққа кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі америкалық The Ring журналының сайты барлық салмақ дәрежелері өкілдерінің рейтингтерін жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта дивизионда Қазақстанның WBO Global және WBC Continental Americas чемпионы Жәнібек Әлімханұлы дәрежелер туралы табельге оныншы нөмірмен енді.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Жәнібек екінші раундта аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.

Орта салмақтағы The Ring чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес, ал бірінші орында – Әлімханұлының отандасы, IBF және IBO әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин.

The Ring нұсқасы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі ТОП-10 мынадай: 1. Геннадий Головкин (Қазақстан) 2. Джермалл Чарло (АҚШ) 3. Деметриус Андраде (АҚШ) 4. Сергей Деревянченко (Украина) 5. Риота Мурата (Жапония) 6. Камил Шеремета (Польша) 7. Крис кіші Юбэнк (Ұлыбритания) 8. Роб Брант (АҚШ) 9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания) 10. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT