Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес айқас алдында ашық жаттығу өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчтың алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жаттығу өткізілетін орын -Лос-Анджелестегі ( Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California  стадионы.

Жаттығу астана уақытымен 05:00-де басталады. Ал оның тікелей трансляциясы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасы  арқылы беріледі.

Еске сала кетсек, «Канело» - GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте  Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда болады.

 

Соңғы жаңалықтар