Геннадий Головкин: Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9 маусым күні Стив Роллспен өтетін жекпе-жегінің алдында Instagram парақшасына жазба жариялады. Онда ол басқа да отандастарымен бірге «Мен - қазақпын» өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода ақын Жұбан Молдағалиевтің атақты «Мен - қазақпын» өлеңінен үш шумақ жыр жолдары оқылады.

«Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...»

Видеомен бірге, Геннадий Головкин парақшасына «Жерлестеріме қолдауы үшін көп рахмет! Мен қайдан шыққанымды ешқашан ұмытқан емеспін» деп жазды.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым күні таңертең Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен айқасады. Бұл күні Геннадийден бөлек, Әли Ахмедов мен Бақтияр Эюбов секілді қазақстандықтар да рингке шығады.

Соңғы жаңалықтар