Геннадий Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек қашан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Генадий Головкин (41-1-1, 36 KO) мен бірінші орта дивзионда WBO титулының бұрынғы иегері Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы жекпе-жек 2021 жылғы мамыр айына жоспарланғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған шара 5 мамырда Мексикада атап өтілетін Синко де Майо мерекесіне арналған демалыс күндерінде болуы мүмкін.

Де ла Хойя және GBP - 24 жастағы Мунгияның бірлескен промоутерлері.

«Головкин-Мунгия жекпе-жегі – біздің атқарып жатқан жұмысымыз. Бұл - бәрін қызықтыратын айқас. Өтетін күні қашан? Синко де Майо. Аталған чемпиондық жекпе-жек осы демалыс күндерінің хедлайнері болатынын елестетіп көріңізші? Бұл нағыз «жарылыс» болады», — деп мәлімдеді Де ла Хойя Boxingscene.com порталына берген сұхбатында


Соңғы жаңалықтар