Геннадий Головкин қазақстандық шоу-бизнес пен спорттың ТОП-25 бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes.kz қазақстандық шоу-бизнес пен спорттың ТОП-25 рейтингісін құрды. Көшті боксшы Геннадий Головкин басқарды, сегізінші орынға мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен шықты, деп хабарлайды sports.kz.

2014 жыл қазақстандық спорт жанкүйерлері үшін өте позитивті жыл болды. Себебі, біздің спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Геннадий Головкин (рейтингтегі 1-ші орын, 81 балл) төрт айқас өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған, осылайша қазіргі әлем чемпиондарының арасында үздік нокаутер дәрежесін алды. Қазақстанның мәнерлеп сырғанауының мақтанышы Денис Тен болса (8-ші орын, 51 балл) Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Қазақстанның ауыр атлетикадан құрамасы қараша айының ортасында Алматыда өткен әлем чемпионатында алған медальдар саны бойынша үшінші жалпыкомандалық орынға ие болды.

Біріншілік барысында барлығы 12 әлемдік рекорд орнатылса, соның үшеуін Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильин жасады. (Өкінішке қарай, біздің зілтеміршілеріміздің жетістіктері әзірге бұл рейтингте ескерілмеді, өйткені қатысушылардың 2013 жылдың 1 қазанынан 2014 жылдың 1 қазанына дейінгі белсенділігі ғана есепке алынды).

Соңғы жаңалықтар