Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі тартысты өтті деп айтуға келмейді. 1 және 2-раундта-ақ Геннадийдің ауыр соққысынан Камил нокдаун алып қалды.

Ал үшінші раундта Головкин шабуыл қарқынын төмендетіп, қарсыласының жұдырықтасуына мүмкіндік бергендей көрінді.

Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты.

Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты. Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Еске салсақ, бұл жекпе-жекте IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында бірқатар сұраққа жауап беріп өзінің спорттағы арманы туралы айтты.



Соңғы жаңалықтар