Геннадий Головкин Қарағанды облысының әкімімен кездесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Атақты боксшы мен аймақ басшысы Қарағанды қаласындағы, дәлірек айтсақ, Геннадийдің балалық шағы өткен «Майқұдық» шағынауданындағы спорт нысандарын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылылықпен және қамқорлықпен «Майқұдықтың» спорт инфрақұрылымы туралы сұрады. Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім», - деп жазды облыс әкімі Facebook парақшасында.

«Литейщик» стадионы Майқұдық ықшамауданында орналасқан. 70-80 жылдары ол қаланың танымал спорт нысандарының бірі болды. Мұнда 1979 және 1980 жылдардағы Қарағанды облысының чемпионы, 1980 жылғы Қазсовпроф кубогының иегері атанған «Литейщик» зауытының футбол командасы ойнаған болатын.

Соңғы жаңалықтар