Геннадий Головкин IBF рейтингінде үздік ондыққа қайта оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің ай сайынғы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Америкалық Дэниэл Джейкобс әлем чемпионы атанған орта салмақтағы бірінші орын бос тұр. Екінді орынды - эквадорлық-неміс боксшысы Джек Кулкай иеленсе, үшінші позицияға украиндық Сергей Деревянченко көтерілген.

Бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өткен айда 11-орында тұрған еді. Бұл жолы 10-шы орынға жоғарылады.

Еске салайық, IBF осы көктемде GGG-ден Деревянченкомен міндетті айқасты өткізуден бас тартқаны үшін чемпиондық белбеуін алып қойды.

Титул бос деп жарияланып, ол үшін Деревянченко мен Джейкобс айқасты. Бұл жекпе-жекте АҚШ өкілі жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар