Геннадий Головкин хоккей командасымен кинотеатрға барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы әлем чемпионы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин балалар хоккей командасымен жаңа фильмді тамашалауға кинотеатрға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың таңдауы «Годзилла Конгке қарсы» атты фантастикалық фильмге түсті.

«Балалар хокккей командасымен киноға бару қашанда жақсы идея»,-деп жазып фотосуретке қолын қойды Геннадий Головкин.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Головкин орта салмақта поляк Камил Шереметаға қарсы өткізген соңғы кездесуінде IBF/IBO нұсқалары бойынша өзінің чемпиондық белдіктерін қорғап қалды.


Соңғы жаңалықтар