Геннадий Головкин британиялық бокс шеберлерінің зәресін алды

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Британияның боксшылар менеджері және кәсіпкер Уильям Стори Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жетістіктеріне деген таңданысын жасырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Twitter-де Стори GGG-мен бірге түскен суретін жариялап, кезінде екі әйгілі отандасының Геннадиймен жекпе-жекке шығуға жүрексінгенін айтты.

«Геннадий Головкин – ең ұлы боксшылардың бірі. Қазақстандық нокауттар короліне тарихтағы нокауттардың ең үлкен саны тиесілі. Ол батыл, тәжірибелі және табанды, жекпе-жекке шыққан кез келген боксшыдан тайсалмайды. Карл Фроч және Крис Юбанк сияқты көптеген спортшылар одан қорықты», – деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар