Геннадий Головкин: Болашақта Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуым мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні Мехико-Ситиде Геннадий Головкинге орта салмақтағы WBC-тің уақытша чемпионы белдігі табысталды, деп хабарлайды sports.kz.

Салтанатты тапсыру рәсімі кезінде Головкин болашақта мексикандық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

«Бұл мен үшін ең айтулы күн, өте бақыттымын. Әрине, менің негізгі назарым қазір 21 ақпанда Монте-Карло қаласында WBC Silver чемпионы Мартин Мюрреймен айқасқа дайындалуға ауып отыр.

Болашақта Сауль Альвареспен айқасуым, әрине, мүмкін. Бұл барлық жанкүйерлер үшін нағыз сыйлық болар еді», - деген Геннадий Головкиннің сөздерін келтіреді BoxingScene.

Соңғы жаңалықтар