Геннадий Головкин Бэнкспен жаттығуының алғашқы видеосын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Youtube арнасында жаңа бапкері Жонатан Бэнкспен алғашқы жаттығуларының үзіндісін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннің жаңа бапкері алдағы жоспарлармен бөлісті.null

Жаттығудан бөлек Геннадий Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді. Жекпе-жектің өзі үшін қосымша ынталандыру болғанын айтқан боксшы не себепті бапкерін ауыстырғанын, оның алдағы уақытта қандай көмегі болатынын сөз етті.

Геннадий Бэнкстің жаттықтыруымен алғаш рет 8 маусым күні Нью-Йоркте канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекке шығады. Париматч букмекерлік кеңсесінің бағалауынша: Головкиннің жеңісі - 1.01, Роллдың жеңісі - 19.

Соңғы жаңалықтар