Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Геннадий Головкин бапкері Санчеспен келісімшартты үзгенін мәлімдеді

2019 жылғы 25 сәуір 08:41 1626
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин бапкері Санчеспен келісімшартты үзгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

«Мен өзім үшін, мансабым үшін маңызды шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жетістіктеріме сүйене отырып, өзімді жетілдіре түскім келеді. Сондықтан енді Абель Санчеспен жаттығу өткізбеймін. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ әрі мұның Абельдің кәсіби қабілетіне де еш қатысы жоқ. Ол - тамаша бапкер, жұмысына адал, Даңқ залына аты жазылған бапкер. Жаңа бапкерім туралы кейінірек хабарлаймын. Ал бүгін бокста берген сабақтары үшін Абельге алғыс айтамын», - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram парақшасына.

Еске сала кетейік, сарапшылар былтыр Головкин мен Мурат Гассиевтің жеңілісінен кейін Абель Санчестің біліктілігін сынға ала бастаған болатын. Геннадий Головкин Санчеспен 2010 жылдан бері жаттығып келді.

GGG (38-1-1, 34КО) алдағы 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.

Жекпе-жек алдында қос боксшы Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізді. Шарадан кейін көз арбасу рәсімі өтті.

Бокс кешіне билеттердің бағасы 50, 100, 200, 300, 500  және 750 долларды құрайды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT