11:51, 13 Қаңтар 2020 | GMT +6
Геннадий Головкин әлем чемпионы атағын қашан қорғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдерлер Майк Коппинджер (The Athletic) мен Дэн Рафаэльдің (ESPN) ақпараты бойынша Геннадийдің келесі жекпе-жегі 28 наурызда болады. Қарсыласы - польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Бокс кеші Чикагодағы польша диаспорасы көбірек шоғырланған Wintrust Arena-да өтеді.
Камил Шеремета Sports.kz-ке берген сұхбатында екіжақты келіссөз аяқталғанын және жақын күндері жекпе-жек туралы ақпарат ресми түрде жарияланатынын мәлімдеген.
Бұл - Головкиннің DAZN стриминг сервисімен жасасқан келісімшарт аясында болатын үшінші жұдырықтасуы және осы жекпе-жекте ол 5 қазан күні Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіп алған IBF және IBO титулдарын бірінші рет қорғайды.