«Генералдар кеңесі» РҚБ ҚР Президент сайлауын өткізуді қолдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайды.

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында қойған міндеттердің орындалуы тиіс деп санаймыз. Бұдан басқа, бізде көптеген индустриялық және инновациялық жоспарлар бар, оларды жүзеге асыру үшін халықтың қолдауы керек», - деді «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасының төрағасы Рүстем Қайдаров.

«Әлемдегі жағдай күрделі болып тұр, ал біздің Президентімізде осындай жағдайлардан шығу тәжірибесі болған. Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге барлық қиындықтардан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Біздің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы бар», - деді ол ҚХА бастамасын қолдайтын генерал-майор, «Генералдар кеңесі» РҚБ-нің мүшесі Иван Комаров.

Соңғы жаңалықтар