2015 жылғы 20 ақпан 16:29

Генералдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс президент сайлауын өткізуге келісім беруін өтінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Генералдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге келісім беруін өтінді.

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестіктің Президиумы бүгін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты брифинг өткізді.

Жиын барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.

«Генералдар кеңесі» Президент әкімшілігіне осы жөнінде хат жолдады. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындау керек деп санаймыз. Сондай-ақ, елде жүзеге асырылып жатқан индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға халықтың қолдауы қажет. Сондықтан, біз ҚР қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа кезектен тыс президенттік сайлауды биыл өткізуге келісімін беруді өтініп отырмыз», - деді «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Қайдаров.

ҚХА бастамасын қолдайтынын «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, генерал-майор Иван Комаров та білдірді.

«Әлемде өте қиын ахуал орын алды. Біздің мемлекет басшысы 1993, 1998, 2008 жылдары осындай қиын жағдайдан елімізді аман-есен өткізген. Мен бүгінгі қиын жағдайда да Мемлекет басшысының ақылы мен парасатына сүйеніп, аман шығамыз деген сенімдемін. Біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы да сол кісімен байланысты», - деді И.Комаров.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT