Генерал-майор Берік Біләловке қатысты не себепті арыз түскені белгілі болды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты не себепті арыз түскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болған Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Біләловке қатысты тоқталсақ, ол осыдан екі жыл бұрын біреуден қарызға ақша алып, қайтармаған. Осы бойынша арыз келіп түсті. ҚР Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұл деректі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізді. Сондай-ақ тексері іс-шаралы объективті болуы үшін оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдады», - деді Марат Ахметжанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Б. Біләлов биылғы 24 ақпанда күдікті деп танылған.


Соңғы жаңалықтар