Генерал Дустумның Ауғанстанға оралуы: Кабул әуежайында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Кабул әуежайына жақын жерде жойқын жарылыс болды. Жарылыс Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустум әуежайдан шыққаннан кейін біршама уақыттан соң жасалды, деп хабарлайды ТАСС Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.

Қуатты жарылыс әуежай маңында Дустумның жақтастары жиналып тұрған жерде болды. Ал 2017 жылы Түркияға қашып кеткен шенеуніктің өзі зардап шеккен жоқ.

«Шабуылды жанкешті-лаңкес жасауы мүмкін», - деп мәлім етті агенттікке Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, ажал құшқандардың дені - қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустум мінген айыру белгілері жоқ чартерлік рейс жексенбі күні сағат 16.30-да (Астана уақытымен 18.00) Хамид Карзай атындағы Халықаралық әуежайға қонған болатын. Жүздеген адам, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар Түркияда 14 ай болып келген вице-президентті қарсы алу үшін ұшып-қону жолағына жиналған еді. 

Соңғы жаңалықтар