Генаның ұпайы түгел болғанмен, халық жеңіс күтті - Болат Жұмаділов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гена атағын, белдіктерін қорғап қалды. Бұл қуаншыты жағдай. Бірақ халықтың күткені жеңіс еді ғой. Айқас тең нәтижемен аяқталды. Бұл шешімге өз басым келіспеймін. Төреші емес, боксшы ретінде айтарым, Гена сәл ғана басымдылықпен ұтты. Мұндай кезде төрешілер кімге жұмыс жасау керектігін біледі. Кәсіпқой бокста айқын басымдылықпен ұтпасаң, өте қиын. Гена енді өзі қалай шешім шығарар екен, көреміз», - деді Болат Жұмаділов.

Соңғы жаңалықтар