Гектарлық субсидияға тек күріш пен мақта алқаптары ие болады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда гектарлық субсидияға тек күріш пен мақта алқаптары ие болады. Бұл туралы бүгін Аграрлық саясат кеңесінің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Раxымбеков мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Алынып тасталған 11 субсидияның ішінде 8-і гектарлық субсидия. Енді гектарлық субсидияға тек күріш пен мақта алқаптары ие бола алады. Себебі көптеген дәнді дақылдарды субсидиялаудың тиімділігі төмен және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың бұл әдісінде көп жағдайда жемқорлық белең алған», - деп атап өтті Раxымбеков.

Вице-министрдің айтуынша, гектар үшін бөлінетін субсидия егін егілетін жерлерді арнайы комиссияның қарауынан кейін берілетін. Бірақ ондай тексерістерді барлық алқаптарға жүргізу тіпті мүмкін емес. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығындағы субсидияларды бөлудің ережелеріне енгізілген өзгерістерді саралай келе, Раxымбеков енді бұдан былай жоғары сұранысқа ие дәнді дақылдарға үлкен назар аударылатынын мәлім етті. Атап айтқанда, бұл - майлы дақылдар, мал азығына қолданылатын жемдер, қант қызылшасы.

Айта кетейік, бұның алдында xабарланғанындай, Ауыл шаруашылығында субсидия бөлу ережелеріне өзгерістер енгізіледі .

Соңғы жаңалықтар