Gee Bee халықаралық турнирінің финалына төрт қазақстандық боксшы шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан өтіп жатқан Gee Bee халықаралық турнирінің финалына төрт қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтар болсақ, 57 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Қайрат Ерәлиев жартылай финалда франциялық Джордан Родригесті ұтса, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов финляндиялық қарсыласынан басым түсіп финалға өтті.

91 келіде сынға түсіп жатқан Нұрлан Сапарбай да жартылай финалда финляндиялық боксшыдан айласын асырды.

Сондай-ақ, аса ауыр салмақта ел намысын қорғап жатқан жерлесіміз Сағындық Тоғамбай жартылай финалда ресейлік Иван Сагайдакты жеңді.

Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген Бек Нұрмағанбет (81 келі) пен Ділмұрат Мижитов (63 келі) үздік үшінші орыннан көрініп, аталған турнирді қола медальмен аяқтады.


Соңғы жаңалықтар