Газиантеп тұрғындары қазақстандық құтқарушыларға алғыс айтуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Газиантеп қаласының тұрғындары қазақстандық құтқарушыларға зілзала салдарын жоюға көмектескені үшін алғыс айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бауырлас қазақ халқына және Қазақстан Республикасына біздің Газиантеп қаласының тұрғындарына көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстаннан келген құтқарушылар Газиантепке келген соң бірден жұмысқа кірісіп, үйінділерді тексеруді, зардап шеккендерді құтқаруды жалғастыруда. Мен осы екі қираған ғимараттың бірінің тұрғынымын, қираған үйден шығып үлгеріп, жаным аман қалды. Қазақстандық құтқарушыларға алғыс айтқым келеді. Алла разы болсын», - деді Газиантеп тұрғыны.


Сонымен бірге Газиантеп өрт сөндірушісі де қазақстандық құтқарушылардың кәсібилігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз қазақ бауырлармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Олар өте тәжірибелі, өз ісінің кәсіби мамандары. Қазақстандық құтқарушылардың іздестіру-құтқару жұмыстары мұқият және ерекше бақылаумен жүргізілуде. Көмек үшін көп рахмет», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар