+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Газхимия саласы өңір экономикасының драйверіне айналуы тиіс – БҚО әкімі

2020 жылғы 30 қыркүйек 21:44
Бөлісіңіз:
Газхимия саласы өңір экономикасының драйверіне айналуы тиіс – БҚО әкімі

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Газхимия саласы өңір экономикасының драйверіне айналуы тиіс. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берген облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында Қазақстанның батыс өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталыққа айналуы тиіс екендігін атап көрсеткен болатын.

«Өңір үшін бұл өте маңызды, өйткені негізі мұнай және газ өнімдері болып табылатын тау-кен өндірісі ішкі аймақтық өнімнің 40 пайыздан астамын құрайды. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Болашақта газхимия саласы өңір экономикасының драйверіне айналуы тиіс», деді Ғ.Есқалиев.

Қазірдің өзінде «Жаикпетролиум» ЖШС метанол өндіретн газхимия кешенін салу жобасын бастады.


Жалпы, биылғы сегіз айдағы өнеркәсіп өнімі көлемі өткен жылғыдан 2,4 пайызға өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тау-кен өнеркәсібі өнімі көлемінің 471 млрд және өңдеу өнеркәсібі өнімінің 1,7 млрд теңгеге өсуі арқасында мүмкін болды.

Өңдеу өнеркәсібінде коронавирусқа байланысты ресейлік кәсіпорындар сатып алатын өнім көлемінің уақытша кемуіне орай металлургия 15,1 және машина жасау 7,9 пайызға азайды.

Дегенмен дайын металл бұйымдары, құрылыс индустриясы, азық-түлік, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, резеңке және пластмасса бұйымдар көлемі өсті.


Елбасы тапсырмасына сәйкес оралдық зауыттарды тапсырыспен қамту мәселесі шешілді. Айталық, «Орал «Зенит» зауыты», «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ 10 миллиардтай теңгеге мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс алды. Бұл да – мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау.

Облыс басшысы басқа да салаларда атқарылған жұмыстарға тоқталып, сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоба-жоспарлардың да аз еместігін атап көрсетті.

Суреттерді түсірген Рафхат Халелов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT