Ғажайып Үндістан: Астанада үнді мәдениеті күндері басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның тәуелсіздік күніне орай, елордада «Ғажайып Үндістан: таңғаларлық көпқырлы мәдениет» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме «Үндістан фестивальдары», «Үндістанның тарихи орындары», «Үндістанның жануарлар әлемі» және «Үндістан қалыңдықтары» атты төрт негізгі бөлімнен құралған.

«Бүгін көрмені ашып қана қоймаймыз, Үндістанның тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз. 15 тамыз күні Үндістанның 73-ші тәуелсіздік мерекесін атап өтеміз. Сонымен бірге, биыл ұлтымыздың біртуар тұлғасы Махатма Гандидің 150 жылдық меерйтойы өтеді. «Ғажайып Үндістан» көрмесінде ең үздік фотосуреттер таңдап алынды. Бұл бөлімдер жастарға да, ересектерге де қызықты болуы үшін іріктелді», - деді Үндістанның Қазақстандағы елшісі Прабхат Кумар.


Фотокөрме 16-19 тамыз күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Кіру тегін. Бұл күндері Үндістанның тәуелсіздік күні құрметіне қалада үнді асханасы фестивалі, үнді кинокөрсетілімі сынды бірқатар мәдени шаралар өтеді.

Үндістан – бірнеше мәдениет тоғысқан, тарихы бай мемлекет. XVIII ғасырдың ортасында үнді субконтиненті британдық Ост-Инд компаниясының, XIX ғасырда – Британдық корона бақылауына өтті. XIX ғасыр соңында отарлауға қарсы ұлттық қозғалыс басталды және 1947 жылы Махатма Ганди тұсында Үндістан тәуелсіздік алды.



Соңғы жаңалықтар