Газға қатысты мессенджерде тараған ақпарат жалған - ҚазТрансГаз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мессенджерде газға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 26- 27 шілде күндері WhatsApp мессенджерінде белгісіз әйел дыбыстық хабарлама таратқан. Онда ол  өзін газ қызметінің маманы ретінде таныстырып, 7 жасар қыздан асханаға барып, газды тексеремін деген сылтаумен плитадағы кранды ашуын өтінген. Бүлдіршін крандардың ашық екенін және иіс шығып жатқанын айтқанда, жалған оператор баланың бөлмесін барып, өз ісімен айналысуын сұрайды. Ол газ қызметінің газды өшіріп, қосатынын айтып, газды жаппауын айтады»,  - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

«ҚазТрансГаз Аймақ» мұндай әрекеттің қауіпті екендігін ескертті.

«Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компания мамандары мен қызметкерлерінің мұндай өтінішпен ешқашан хабарласпағанын мәлім етті. Тұтынушыларға газ конфоркаларын бақылаусыз ашуының қайғылы оқиғаға, өрт пен жарылысқа әкеп соқтыратынын ескертуде», - деді ұйымнан.

Соңғы жаңалықтар