+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Газетке оралған тауар: Алматы полициясы есірткі дилерін ұстады

2020 жылғы 7 тамыз 15:48
Бөлісіңіз:
Газетке оралған тауар: Алматы полициясы есірткі дилерін ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы газетке орап, есірткі заттарын сатып жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғыны үйінде 50 келіден астам есірткі сақтаған Жамбыл облысында үш айда 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді Танымал спортшылар есірткіге қарсы билбордтардың бет-бейнесіне айналды

«Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің жүргізген арнайы іс-шарасының нәтижесінде қалада есірткі сатумен айналысатын 46 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде қалтасында газет бумасы табылды, онда ерекше иісі бар қара-жасыл түсті бір зат салынған. Сонымен қатар, айыпталушының үйінен өсімдік тектес заттар салынған 11 газет орамы табылды. Сот-химиялық сараптамасы тәркіленген есірткінің «гашиш» екендігін анықтады», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Полиция департаменті ер адамды қамауға алды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT