Газет-журнал сататын дүңгіршектер неге жабылып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде газет-журнал сататын дүңгіршектердің сұранысқа ие еместігінің себебі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде газет-журнал сататын дүңгіршектер (киоск) неге жабылып жатыр? Себебі мемлекеттік қолдау жоқ. Аталған саланы қолдау үшін, субсидия керек. Онсыз мәселе шешілмейді. Өйткені, газет-журнал сататын дүңгіршектердің (киоск) шығыны көп. Бұл мәселені біз қайта қарастыруымыз керек», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс «Масс-медиа» туралы заң жобасы талқыланды. Оның барысында белгілі болғандай, отандық БАҚ саласында баспасөз картасы жүйесі енгізілмек.

Сондай-ақ, биыл елімізде журналистердің құқығы мен бостандығы туралы ұлттық баяндама әзірленеді.

Жиын барысында БАҚ және тілшілерді сотқа беру мерзімі 3 жылға дейін қысқартылатыны айтылды.

Одан бөлек, Мәжіліс депутаты БАҚ өкілдеріне мәртебе беріп, тұрғын мәселесін шешу туралы ойын ортаға салды.


Соңғы жаңалықтар