«Газель» қар тазартатын трактормен соғылып, 1 адам жұмды-БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі С.Штыб көшесімен қиылыста рульге ие бола алмай, тоқтап тұрған қар тазартатын трактормен соқтығысқан.

Соның салдарынан «Газель» автокөлігінде отырған әйел қаза тапты. Үш жасар бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жол апатынан үш адам зардап шекті. Жабық бас-ми және басқа жарақат алып, миы шайқалған 38 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған үш жасар бала мен 40 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар