Газада палестиналықтар мен Израиль арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енді

None
None
ГАЗА. ҚазАқпарат – Израиль мен Палестина арасындағы атысты тоқтату жексенбі күні кешке күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күнінен бастап Израиль ұшақтары Газадағы нысандарға соққы берді, ал Иран қолдаған «Палестиналық исламдық жиһад» қарулы тобы жауап ретінде Израильге жүздеген зымыран жіберген. Трансшекаралық әскери операциялардың толық ауқымды соғысқа айналу қаупі Египеттің делдалдығы арқылы бейбіт келісімдерге қол жеткізілгенше сақталды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі зорлық-зомбылықтың күшеюін талқылау үшін дүйсенбіде шұғыл жиналыс өткізуді жоспарлады. Осы айда Кеңеске төрағалық ететін Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде БАӘ-нің өтініші бойынша сессия өткізуді жоспарлап отыр.

Израиль әуе шабуылдарының салдарынан 15-ке жуық содыр қаза тапты. Оның ішінде «Палестиналық исламдық жиһады» командирлерінің бірі Халед Мансұр да бар.

Израиль әскери күштерінің мәліметінше, Газадағы содырлар Израильге қарай 580-ге жуық зымыран атқан. Олардың көпшілігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арқылы атылған, екеуі Иерусалим бағытына атылған.


Фото:usatoday.com




Соңғы жаңалықтар