Газ жарылысынан күйік шалған әйел аса ауыр халде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан күйік шалған әйелдің жағдайы аса ауыр күйінде қалып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық клиникалық аурухана директоры Ерлан Тоқсановтың айтуынша, қазіргі уақытта оны аман алып қалу мақсатында қолдан келгеннің бәрі жасалуда. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті, әйел дәрігерлердің үнемі бақылауында.

«Бүгін Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығынан өрт жарақаты бойынша білікті маман арнайы келді. Ол облыстық аурухана қызметкерлерімен кеңесе отырып, бірге жұмыс жасауда», деді Е.Тоқсанов.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар әйелдің денесін 85 пайыз күйік шалып, кейін оның іштегі сәбиі шетінеп кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар