Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы «қайта жүктеуге» бағытталған Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуде. Кешенді жоспардың жобасы мынадай іс-шаралар қамтиды. Бірінші - геологиялық барлау мен жаңа және де қолданыстағы кен орындарында газ өндірудің жаңа жобалардың есебінен газдың ресурстық базасын ұлғайту. Газ ресурстарын ұлғайту үшін барлық кезеңдерде газ жобалары үшін преференциялар және жеткізуші инфрақұрылымды салу қажет. Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылар үшін ынталандыру бағасын беру, сондай-ақ газ айдау бағдарламалардың орындылығын қайта қарау мәселелері пысықталуда», - деді министр.

Оның атап өтуінше, екіншіден, министрлік газға баға белгілеудің жаңа моделі бойынша жұмыс жүргізеді. Аталған модельде қазақстандық газ ресурстарының шектеулілігі және коммерциялық тұтынушыларға бағаның нарықтық бағалар деңгейіне көтерілуі назарға алу тиіс.

«Үшіншіден, негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауқымды күрделі қаржы салымын қажет етеді. Газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйіне техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен инвестицияларды қайтару тетіктерін айқындау керек. Төртіншіден, тұрақты газдандыруды жалғастыру үшін Газдандырудың бас схемасы өзектендірілетін болады және газдандыру нысандарын ұттық оператордың теңгеріміне беру бойынша қағидалар оңайлатылады. Жалпы, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қабылдауы 2030 жылға қарай: тауарлық газ өндірісін 42 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға; газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, баға белгілеудің қажетті моделін енгізуге; елдің газдандыру деңгейін 65 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар