Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Газ нарығындағы кемшіліктер қандай

2022 жылғы 29 наурыз 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде тауарлық газ нарығын 95%-ға «QazaqGaz» АҚ газды басымдықпен сатып алуға монополиялық құқықпен ұсынады. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұл салада нарықтың оң теңгерімі қалыптасқан. Тауарлық газ өндірісінің көлемі 2021 жылы 25 млрд текше метр болып, 18 млрд текше метр деңгейіндегі тұтыну көлемінен асты. Экспортқа 7 млрд текше метр газ жіберілді.

«Экспорттан түсетін кірістер есебінен газдың ішкі бағасы субсидияланады. Ұлттық оператордың деректері бойынша өткен жылғы шығындар мәлімделген бағаның айырмашылығынан болды және бекітілген 160 млрд теңгені құрады, олар экспорт есебінен жабылады. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап тауарлық газ экспорты ішкі тұтынудың өсуі есебінен орта есеппен 30%-ға қысқарады. Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2025 жылға қарай тауарлық газды тұтыну көлемі 27 млрд текше метрге дейін ұлғаяды, ал газ тапшылығы 1,6 млрд текше метрді құрайды. Осылайша, 2025 жылдан бастап экспорттың қысқаруына байланысты, бізде тауарлық газдың ішкі бағаларын субсидиялауға мүмкіндік болмайды», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, нарықта сатудың барлық кезеңдерінің бағаларын мемлекеттік реттеу қолданылады - жер қойнауын пайдаланушыдан газ сатып алу, газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, тасымалдау.

«Басым құқықты іске асыру тетігі реттелмеген, «QazaqGaz» АҚ-ның өз құқығын іске асырудан бас тартуына негіз жоқ. Сондай-ақ ішкі нарықта баға қалыптастыру жүйесі жетілдірілмеген, онда салалық реттеуші бекіткен бағалардың «шашырауы» 16 еселік мәнге немесе бір мың текше метр үшін 600-ден 10 мың теңгеге дейін жетеді. Ішкі нарыққа жеткізу құрамын қалыптастыру рәсімі нақтыланбаған. Іс жүзінде бұл Ресейден импортталған газдың неғұрлым қымбат көлемін (м3 үшін 30-40 мың теңгеден бастап) ішкі нарықта пайдалану фактілеріне әкеп соқты, ал қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларда 5-10 мың м3 бағасы бойынша газ жеткізу мүмкіндігі болды. Осылайша, ұлттық оператордың квоталарды, бағаларды қалыптастыру және ішкі нарыққа газ жеткізу құрамы бөлігіндегі қызметі ашық емес», - деді агенттік өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Р. Ахметов Қазақстанда ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын реттеу бар екенін айтты.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары