Газ құю станциясындағы жарылыс: Зардап шегушінің жағдайы ауыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі газ құю станициясындағы жарылыстан зардап шеккен адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін өрт болған жерге сағат 11:00-дер шамасында жедел жәрдем қызметі шақыртылды. Оқиға орнына 3 бригада барды. Күйік шалған бір азамат Шымкент қалалық оксигинацилық орталығына жеткізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөліміне жатқызылды», -деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Мамырова ҚазАқпарат тілшісіне.


ТЖК мәліметіне қарағанда, өрт сағат 12:53 толық сөндірілді.

Еске салайық, бүгін Шымкенттің іргесінде жарылыс болып, жекеменшік компанияға тиесілі станциядағы 200 текше метрлік үш резервуардан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар