Газ қондырғыларына сапасыз қызмет көрсеткен ұйымдар жазалануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының үй ішінде қолданылып жүрген газ қондырғыларына қызмет көрсететін ұйымдардың жауапкершілігін арттыру ұсынысын қолдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол депуттатық сауалға жолдаған жауабында жазды.

«Тұтастай алғанда, үй ішіндегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсету жөніндегі мекемелерге жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату кһқажет деген ұстаныммен Үкімет келіседі», - деп жазылған вице-премьердің жауабында.

Айтуынша, 27 сәуірде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша бірқатар мәселе талқыланып, пысықталған.

Олар:

- газ және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау бойынша халықпен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар және ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізу;

- тұтынушының газ тұтыну жүйесі немесе газ жабдығының жай-күйі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда газбен жабдықтауды тоқтата тұру бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу тиімділігін арттыру;

- газ тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылайтын инспекторлық құрамның штат санын ұлғайту;

- газ және газбен жабдықтау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны және орындамағаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша заң нормаларын қолдану жұмысын күшейту.

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың мәліметі бойынша, баллонға құйып сатылатын газ бағасы жанармай стансасындағы бағамен теңестірілмек.


Соңғы жаңалықтар