Гайанада 20 бала жатақханада шыққан өрттен қаза болды

Фото: Фото: mir24.tv
ДЖОРДЖТАУН.ҚазАқпарат – Гайана орталығындағы шахтерлер қалашығы Махдияда болған өрттен кем дегенде 20 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Өрт дүйсенбі күні түн ортасында жергілікті орта мектептің жатақханасында балалар ұйықтап жатқан кезде шыққан.

Ресми дереккөздердің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты өртті әлі толықтай ауыздықтай алмай отыр.

Бірнеше адам жарақат алды, кейбіреулерін арнайы орталық құрылған Джорджтаун астанасына эвакуациялауға дайындап жатыр.

Әуежайда орналасқан медициналық топтардан басқа, Джорджтаунның екі ірі ауруханасы әр балаға жеке көңіл бөлуге дайын.

Ішкі істер министрі Робсон Бенн апат орнында, Премьер-министр мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер оқиға орнына бармақшы.

Гайана — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысында Венесуэла мен Суринам арасында орналасқан мемлекет.


Соңғы жаңалықтар