Гавайиде Килауэа жанартауы қайта атқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) HAWAIIAN VOLCANO OBSERVATORY VOLCANO OBSERVATORY NOTICE FOR AVIATION Wednesday, June 7, 2023, 14:47 UTC | USGS Hazard Notification System (HANS) for Volcanoes хабарлауынша, Гавайиде үш айлық үзілістен кейін Килауэа жанартауының атқылауы қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ Геологиялық қызметінің Гавайи жанартау обсерваториясы (HVO) жергілікті уақыт бойынша сағат 04:44-те Килауэа шыңында жарқырауды тіркеді. Бұл Гавайи ұлттық жанартау саябағындағы Килауэа Халемаумау шыңының жанартау кратерінде атқылаудың басталуын танытып отыр», - делінген хабарламада.

Килауэа - Гавайи аралындағы белсенді «кальдера қалқан жанартауы». Ол теңіз деңгейінен 1243 метр биіктікте орналасқан, оның негізі Тынық мұхитының түбіне шамамен 5,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Жанартауда көптеген бүйірлік кратерлер және лава ағып жатқан бірнеше паразиттік шлак конустар бар.

Негізгі қауіп - Килауэа атқылауы кезінде үздіксіз бөлінетін жанартау газының көп мөлшері, қыздырылған су буының ағыны, көмірқышқыл газ және күкірт диоксиді.

Биылғы ақпан айының ортасында Гавайи аралының оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін Килауэа жанартауының белсенділігі қайта жанданды.


Соңғы жаңалықтар