Гавайи аралдарында әлемдегі ең үлкен Мауна-Лоа жанартауы атқылай бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавайи аралдарында соңғы 40 жылда алғаш рет әлемдегі ең үлкен белсенді Мауна-Лоа жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Лава әлі кальдераның шетінен аса қойған жоқ және тау етегінде тұратын адамдарға қауіп төндірмейді, дейді жергілікті билік өкілдері.

Алайда АҚШ геологиялық қызметі жағдайдың тез өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.

Гавайидің Үлкен аралында және оның айналасындағы суда жанартау айналасына күл шашырауы мүмкін екені ескертіліп, тұрғындарға абай болуға кеңес берілді.

Соңғы атқылау жексенбіге қараған түні жанартау шыңы Мокуавеовеоде басталды.

Кальдера - атқылаудың соңында шыңның астында пайда болатын ойыстар.

Осының арқасында Мауна-Лоа әлемдегі ең үлкен белсенді жанартаулардың бірі саналады.


Фото: www.bbc.com

Соңғы жаңалықтар