+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Гаухар Алдамбергенова педагог мәртебесі туралы: Жаңа Заң нақты істерге серпін береді

2020 жылғы 6 қаңтар 13:36
Бөлісіңіз:
Гаухар Алдамбергенова педагог мәртебесі туралы: Жаңа Заң нақты істерге серпін береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға бағытталған зор қадам болды. 21 баптан тұратын жаңа Заң жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты. Онда төрт бағыт қамтылған. Біріншіден, педагогтердің құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту. Екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншіден, материалдық емес ынтыландыру тетіктері және төртіншіден, материалды ынталандыру қадамдары», - деп атап өтті Қыздар университетінің ректоры.

Оқу орнының басшысының пайымдауынша, жаңа заң көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, тың серпін береді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатындағы нақты іске асуы тиіс міндеттерді белгілеп берген болатын. Елбасы жариялаған маңызды құжатта «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажеттігі де айтылды. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі ауқымды жұмыстар жүргізіп, нақты істер атқарды», - дейді Гаухар Алдамбергенова.

Еліміздегі ұстаздар даярлайтын іргелі білім ордасының ректоры жаңа заңда қарастырылған басымдықтар мен тетіктер төңірегінде де атап өтті.

«Парламент Сенатының жалпы отырысында заң жобасын таныстырған еліміздің бас педагогі Асхат Аймағамбетов мұғалім мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді қажет ететіндігін ерекше атап өткен болатын. Бұл орайда жаңа Заң ұстаздардың этика мәселелеріне де жете көңіл бөледі. Оған сәйкес әр білім мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізілмек. Менің ойымша, бұл бастама өз кезегінде білікті де білімді, «ұстаз» деген атқа лайықты нағыз мамандар мектебінің қалыптасуына негіз болады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Тамыз конференциясында берген тапсырмасының аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есеге артады және биылдан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі деп күтілуде», - деді Г.Алдамбергенова.

Оның пікірінше, жаңа Заң мұғалім беделін арттырумен қатар, педагог кадрларын даярлайтын оқу орындарының да маңызын айқындайды.

«Еліміздегі ең іргелі жоғары оқу орны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті негізінен ауылдық елдімекендердегі білім ошақтары үшін маман даярлайды. Өзінің 75 жылдық төл тарихында оқу орны 60 мыңнан астам педагог дайындады. Осы орайда атап өткен жөн, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын айтарлықтай арттыру және жоғары кәсіби кадрларды тиімді молайтуға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан саясат педагог кадрларды қалыптастыру мәселелерін туындатуда. Бұл мәселе қай кезеңде де өте өзекті болған. Мәселен, бүгінде халықтың демографиялық өсу жағдайына байланысты мектепке дейінгі және жалпы орта білім мекемелерінің тұрақты өсуі байқалып отыр», – деді өз сөзінде университет ректоры.

Оның айтуынша, білім беруді, ғылым мен мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін мұғалімнің кәсіпқойлығы мен біліктілігіне қойылатын талаптар күшеюде.

«Кадрларды қалыптастырудың тағы бір мәселесі – еңбекақының төмендігі, педагог кадрлардың зейнетке дейінгі жасы және бейінді білімінің болмауы. Үшінші мәселе, білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту бағдарламаларының бір-бірінен алшақтығы. Мәселен, жалпы орта білім беру мекемелері жаңартылған мазмұн бойынша білім беруге көшкенде, мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басты қызметінің бірі – жоғарыда аталған мәселелерді оңтайлы шешу. Бүгінде оқу орнында осы тарапта бірқатар нақты істер жүзеге асырылуда. Ұжымның профессор-оқытушылары өз қызметінде болашақ педагогтердің кәсіби бейімделуі үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын тәжірибеге бағыттау негізінде жүргізеді», – деді университет ректоры.

Гаухар Алдамбергенова қоғамның талқылауынан өтіп, педагог қауымының ұсыныстары негізінде мұқият даярланған жаңа заң мұғалім мәртебесінің қоғамдағы беделін шынайы көтереді деген сенімде. Оның пікірінше, ұстаздың беделді – қоғамның беделі, мемлекет болашағының нақты кепілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT