Ғасыр келісімшарты: «Союз» зымырандары орбитаға 675 еуропалық жерсерікті шығарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейғарыш француздық Arianespace және британдық OneWeb компаниясымен Куру аэродромы (франциялық Гвиана) мен Байқоңырдан «Союз» зымыран-тасығыштарымен 672 жерсерікті 21 коммерциялық ұшыру келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды бейсенбі күні РФ Федералдық ғарыш агенттігінен.

Егер бұл жоба табысты іске асырылса, келісімшарт бойынша 2020 жылдан кейін «Союздың» кем дегенде тағы бес ұшыруын қарастырып отыр.

«Лондонда Arianespace (Эври, Франция) және OneWeb (Джерси аралы, Ұлыбритания) компаниялары 2017-2019 жылдар аралығында 21 «Союз» зымыран-тасығышын қолдану арқылы OneWeb мобильдік спутниктік байланыс жүйесі ғарыш аппараттарын ұшыру келісімшартына қол қойғаны туралы жариялады», - делінген хабарламада. Байқоңыр мен «басқа ресейлік ғарыш айлақтарынан» 15 ұшырудан кем емес ұшырулар жүзеге асырылады, деп жазады РИА Новости. «Жобаның табысты іске асырылуы жағдайында келісімшарт 2020 жылдан кейін «Союз» зымыран-тасығышының кем дегенде тағы бес ұшыруын қарастырып отыр», - деп қосып өтті Ресейғарышта. 2017 жылдың соңына белгіленген көрсету ұшыруына арналған аппараттарды Airbus корпорациясының Тулузадағы (Франция) бас кәсіпорны, ал қалғандарын Флоридадағы (АҚШ) өндірістік алаңда OneWeb және Airbus шығарады.

Соңғы жаңалықтар