Ғашықтар күні жастарға отпен ойнамау ескертілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқармасы қала жастарын 15-сәуір - ғашықтар күнінде отпен ойнамауға шақырып отыр.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жастар 15 сәуірде тойланатын Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні қарсаңында қалада арзанқол қытай фонарларын аспанға ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарма қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.

«Мұндай ашық тұтану көзі бар құралдарды пайдалануға болмайды. Өйткені, ол жерге құлаған кезде шоғы біраз уақытқа дейін өшпей жатады. Бұл қурап тұрған шөп пен орман қорының өртенуіне әкеп соғуы мүмкін», - деді басқарманың баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар