Ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686 мың шаршы шақырым есірткі алқабы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686 000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Қарасора» операциясы аясында ғарыштық мониторинг көмегімен есірткі планантациясын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жабайы өсетін қарасораның өсу алаңдары мен құрамында есірткі заттары көп каннабисті өсіру олардың заңсыз айналымын тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерде де көбейтеді. Осыған байланысты, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғарыштық мониторингтің заманауи технологияларын қолдана отырып, Ішкі сітер министрлігімен белсенді жұмыстар атқаруда.

«Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі - жерді қашықтан зондтау, оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мамандары зерделеп, кезең-кезеңімен енгізуде. 2022 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686 000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, онда каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды. Учаскелер Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан», - деп атап өтті Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

Айта кету керек, 2019 жылы ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында – 123, 2020 жылы – 94, ал 2021 жылы тек Қызылорда облысының аумағында 77 есірткі егілген алқаптар белгілі болған.


Соңғы жаңалықтар