Ғарыштық мониторинг: Былтыр 5683 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов елімізде заңсыз қоқыс ең көп төгілетін 3 ірі қаланы атады.

«Қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингі 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мониторинг 39 ірі елді-мекен аумағында жүргізілді. Осы уақыт аралығында 25 млн гектар қамтылды. Облыстар арасында үйінділердің ең көп саны Ақмола облысында - 830, Қарағанды облысында - 745, Түркістан облысында – 408. Қалалардың арасында ең көп қоқыс орындары үш қалада анықталды. Мәселен, Астанада - 551, Шымкент қаласында – 45 және Алматыда – 12», - деп мәлім етті Баубек Оралмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар