Ғарышкер ашық ғарышқа ұшу кезінде қиындықтарға тап болды
2022 жылғы 18 тамыз 09:32

Ғарышкер ашық ғарышқа ұшу кезінде қиындықтарға тап болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғарышкерлер ХҒС-да ашық ғарышқа шығуды аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Роскосмос сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық ғарыш станциясына жасалған 67-ұзақ экспедициясының қатысушылары - «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ғарышкерлері Олег Артемьев пен Денис Матвеев 2022 жылдың 17 тамызында, сәрсенбіде Мәскеу уақытымен 20:54-те «Іздеу» шағын зерттеу модулінің шығу люгін жауып тастады.

Ұзақтығы 4 сағат 1 минутқа созылған ресейлік бағдарлама бойынша ашық ғарышқа шығу кезінде олар еуропалық ERA қашықтан манипуляторының жұмысына дайындықты жалғастырды. Ғарышкерлер манипуляторға екі білек телекамерасын орнатып, оның екі соңғы эффекторының бірінен ұшыру сақинасын демонтаждады.

«Орлан-ХҒС» скафандрындағы аккумулятор батареясының кернеуінің төмендеуіне байланысты Олег Артемьев Мәскеу маңындағы Ұшуды басқару орталығының (Роскосмостың ЦНИИмаш құрамына кіреді) нұсқауы бойынша «Іздеу» модулінің ішіне оралып, скафандрды борттың қуат көзіне қосқан. Жағдай ресейлік мамандардың бақылауында болды және ғарышкердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Денис Матвеев станцияға да аман-есен оралды.

«Ғарышкерлердің жағдайы жақсы. Аяқталмаған жұмыстар келесі ашық ғарышқа шығу кезінде орындалады», - деп атап өтті Роскосмос.

Бұл ХҒС жобасы аясында жасалған 63-ші ресейлік (жоспарланған 54-ші) және 2022 жылғы бесінші ұшырылым болды. 1965 жылдың наурыз айынан бастап КСРО мен Ресейдің 72 ғарышкері ғарышқа скафандрлармен 159 рет шыққан.


Фото: roscosmos.ru



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT