+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Ғарышкер Алексей Леонов қайтыс болды

2019 жылғы 11 қазан 17:52
Бөлісіңіз:
Ғарышкер Алексей Леонов қайтыс болды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Тарихта бірінші болып ашық ғарышқа шыққан адам, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Алексей Леонов 86 жасында Мәскеуде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БАӘ-нің тұңғыш ғарышкері мінген кеменің Жерге оралуы онлайн көрсетіледі Қазақстанда NASA-ның Орталық Азия аймақтық ақпарат орталығы ашылуы мүмкін Ғаламшарлардың бірінен су табылды

Бұл жөнінде жұма күні оның көмекшісі Наталья Филимонова мәлім етті.

«Алексей Архипович ұзақ уақыт сырқаттанып, Бурденко атындағы госпитальде көз жұмды», - деді Филимонова.

Оның айтуынша, ғарышкермен қоштасу және жаназасы 15 қазан күні Федералдық әскери мемориалдық зиратында өтеді (Мытищи, Мәскеу облысы).

Алексей Леонов екі мәрте ғарышқа ұшқан. Жалпы ұшу уақыты - 7 тәулік 33 минут. Сондай-ақ, ол - ашық ғарышқа шыққан әлемдегі тұңғыш ғарышкер (жалпы уақыты – 23 минут 41 секунд, 12 минут 9 секунд – кемеден тыс).

Ол алғаш рет ғарышқа 1965 жылы 18-19 наурызда ұшып, «Восход-2» кемесінің екінші ұшқышы болған. 18 наурыз күні ашық ғарышқа шықты. Ұшу барысында штаттан тыс жағдайлар орын алған. Қысымдағы айырмашылыққа байланысты скафандр ісіп кеткен. Бұл ғарышкердің шлюз камерасына қайтуына кедергі келтірді (есіктің диаметрі өте кішкентай болған).

1967-1970 жылдары Леонов Айға ұшуға дайындалған ғарышкерлер тобын басқарды. Ай бағдарламасы жабылған соң «Ұзақ мерзімді орбиталық станса» бағдарламасы бойынша дайындықтан өткенмен, алғашқы «Салют» стансасына ұшқан жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғарыш, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT