+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

2021 жылғы 13 маусым 09:28
Бөлісіңіз:
Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды. деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәссаудааға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелді.

«107 нөмірімен адамға 28 миллион долларға сатылды», - деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы.

Amazon-дің негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім барады, әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын. Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.

Айта кетсек, бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT