+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

2021 жылғы 17 қазан 11:22
Бөлісіңіз:
Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан уақытымен 10 сағат 36 минутта «Союз-МС-18» ғарыш кемесі экипажы Қазақстан аумағына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бортында ғарышкер Олег Новицкий, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар «Союз-МС-18» кемесінің аппараты Жерге қонды.


Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 үш ұшағы, арнайы техниканың 20-ға жуық бірлігі жұмылдырылған.

Кеме экипажы да борттық құжаттаманы мұқият зерттеп, қауіпсіз қонуына жауапты мамандардан кеңес алуда. Жерге қонушы аппарат ішіндегі экипаж кез келген штаттан тыс жағдайда әрекет етуге дайын болды. Еске сала кетсек, тарихтағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа 2021 жылдың 5 қазанында ғарышта көркем фильм түсіру миссиясымен аттанған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT