+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ғарыш туристері орбитада: «Dragon» жолаушыларының алғашқы суреттері жарияланды

2021 жылғы 17 қыркүйек 21:03
Бөлісіңіз:
Ғарыш туристері орбитада: «Dragon» жолаушыларының алғашқы суреттері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер маңайындағы орбитадағы Inspiration 4 миссиясы экипажының алғашқы суреттері пайда болды. Ұшырылымды кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алек Болдуин кино түсіріліп жатқанда абайсызда операторды өлтіріп, режиссерді жарақаттады Ғарышқа ұшқан алғашқы киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды Қытай екінші пилоттық кемесін ғарышқа ұшырды

Фотосуреттерде бейнеленгендей, әуесқой астронавтар ғарыштық капсуланың ішінде өте жеңіл күйде ілінулі, планетаны иллюминатордан қарап, өз істерімен айналысуда.

Миллиардер Джаред Айзекман және оның әріптестері Хейли Арсено, Сиан Проктор және Крис Семброски сәрсенбі күні Флоридадағы ғарыш айлағынан ұшырылды.

Бұл – коммерциялық миссиямен орбитаға шыққан алғашқы әуесқой экипаж. Миссияның негізгі мақсаттарының бірі –әлемдегі қатерлі ісік ауруын емдеудің ең ірі ғылыми-клиникалық орталығы болып саналатын Мемфистегі Әулие Иуда Фаддей балалар ғылыми-зерттеу ауруханасына 200 миллион доллар қайырымдылыққа ақша жинау.

«Dragon» кемесі астронавтарды 590 км биіктікке көтерді, бұл Халықаралық ғарыш станциясының орбитасынан шамамен 160 км және Хаббл ғарыштық телескопынан 50 км жоғары.

Экипаж демалыс күндері Жерге оралуы керек. Олардың капсуласы Атлант мұхитына қонады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT