«Ғарыш-Экология» орталығының басшысы есепте жоқ қызметкерлерге 3 млн теңге аударып отырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өз қызметін асыра пайдаланған «Ғарыш-Экология» Ұлттық-зерттеу орталығы» РМК бас директорына қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері «Ғарыш-Экология» Ұлттық-зерттеу орталығы» РМК бас директоры Ж.Жұбатовтың сыбайлас жемқорлық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жақында аяқтаған болатын. Жұбатов мемлекеттік функцияларды орындауға жауапты тұлға бола тұра өз қызметін асыра пайдаланып, РМК-да жұмыс істемейтін қызметкерлерге 3 млн теңгеден астам айлық аударған. Шығын толық қайтарылды», - деп хабарлайды агенттіктен.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен Жұбатовқа 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.



Соңғы жаңалықтар