Гарнизонда әскери қызметшілердің балалары үшін жаңажылдық кеш өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлердің балалары үшін мерекелік таңертеңгіліктер ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар балалардың есінде қалатындай тамаша бағдарлама әзірледі. Балалар мейрамда ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхаттады.

Аяз ата балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтарын берді, ал олардың сүйікті кейіпкерлері тамаша театрландырылған қойылымдарын көрсетті.

Бұдан тыс, концерттік бағдарламаға қатысқан шығармашылық ұжымдар да жиналған қонақтарға қуаныш сыйлады.

null null 

Соңғы жаңалықтар